2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерін арттыру туралы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерін арттыру туралы

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес 01.01.2026 жылдан бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 50 851 теңге  мөлшерінде белгіленген.

Айлық есептік көрстекіш мөлшерінің артуына байланысты №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы, жерлеуге біржолғы төлем, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өсті.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің өсуінің бірнеше мысалдары:

  • 1, 2, 3 бала туған кезінде төленетін біржолғы жәрдемақы - 164 350 теңгені, 4 және одан көп бала туғанда - 272 475 теңгені құрайтын болады.
  • Көпбалалы отбасына  ай сайын берілетін жәрдемақы төрт балаға – 69 330 теңге, бес балаға – 86 673 теңге, алты балаға – 104 017 теңге мөлшерінде төленеді.