
«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 01.01.2026 жылдан бастап:
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 50 851 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге мөлшерінде белгіленген.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Осыған орай, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ЕТКД шамасының 70 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ЕТКД шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі. 2026 жылғы 01.01. бастап 34 жыл және одан көп өтілі бар базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері 60005 теңгені құрайды.
