
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтары, медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектілігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша азаматтарды ақпараттандыру мақсатында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп 2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Петропавл қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында «Ашық есік күнін» өткізеді.
Өткізілу орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., көш. К.Сутюшева,56.