Салтанытты іс-шараға қатысу

Салтанытты іс-шараға қатысу

    Қазан айының соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкері күні» атап өтіледі.

        2025 жылғы 30 қазанда әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.    Бұл шараға департамент қызметкерлері қатысты.

       Салтанатты түрде департамент басшысы М.К.Омаров ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыста одан әрі табыс, амандық және жаңа жетістіктер тіледі.

       Жоғары кәсібилігі үшін зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Ләззат Айтпайқызы Бубешеваға Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің «Алғыс хаты» табыс етілді.

        Сондай-ақ, Қызылжар креативті орталығының алаңында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының басшылығымен әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлеріне салтанатты құрмет көрсетілді.

       Салтанатты түрде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Сыздықова Әйгерім Дулатқызына адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің «Құрмет грамотасы» табыс етілді.

      Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушылар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.