Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы «Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор» республикалық конкурсын өткізеді, ол екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінен осы конкурсқа Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Сәуле Төлегенқызы Құсайынова қатысады.
Құсайынова Сәуле Төлегенқызының әлеуметтік салада 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ол мемлекеттік еңбек инспекторы болып жұмыс істеп бастады, содан кейін белгілі бір уақыттарда Департаменттің заң кеңесшісі болып жұмыс істеді және бүгінгі күні халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы болып табылады.