«Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акцияға қатысу

«Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акцияға қатысу

2025 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағында      «Wоrld Clean up Day» («Дүниежүзілік тазалық күні») Халықаралық экологиялық акциясын өткізу жоспарлануда.

 Іс-шара Ғаламдық Таза планета қозғалысын қолдау мақсатында өткізіледі және халықаралық ауқымға ие.

Экология министрлігі санаттар бойынша қазақстандық рекордтар кітабына:

  • қатысушылардың ең көп саны;
  • жиналған қалдықтардың максималды көлемі;
  • іс-шараларды өткізудің ең кең географиясы бойынша ресми өтінім берді.

Қазақстан   Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі Халықты әлеуметтік қоргау саласындағы реттеу және бақылау  комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ ұжымы Дүниежүзілік тазалық күніне арналған акциясына белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қызметкерлер бекітілген аумақты жинау арқылы қоршаған ортаны абаттандыруға елеулі үлес қосты.