Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығына арналған іс-шаралар жоспары негізінде «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де ұжымның облыстық мәслихаттың депутаты С.Қ. Сұрағановамен кездесуі өтті.
Депутат өзінің сөз сөйлеуінде Қазақстан Республикасы 1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтың дауыс беруімен қабылданған маңызды мемлекеттік күні – Қазақстан Республикасының 30-жылдығын 2025 жылы атап өтілетіне аса назар аударды.
Конституция-тұрақтылық пен дамудың кепілі.
Конституция-әрбір азаматтың бостандығы мен құқығын айқындайтын, ортақ құндылықтарымызды білдіретін басты құжат.
30 жыл бұрын халық тарихи тандау жасап, Ата Заңымызды қабылдады. Бұл күн - ел бірлігінің, азаматтық жауапкершіліктің және ұлт болып ұйысудың символы.
Ата Заңымыз алдағы уақытта да ел мүддесіне қызмет етіп, мемлекеттілігіміздің тұғыры бола берсін!