Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 14 тамызда «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де Петропавл қаласы Абай көшесі, 64 мекен-жайы бойынша облыс және қала тұрғындары үшін «Ашық есік күн» акциясы өткізді.
Департаменттің мамандары әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектік мәселелері бойынша, оңалтудың техникалық, құралдарына, санаторлық-курорттық емдеуге арналған жеке бағдарламаны әзірлеу мәселелері бойынша келген 15 адамның сұрақтарына толық түсініктемелер берді.