2025 жылғы 26 маусымда «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК «Жас Өркен» филиалында ««Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің мамандары «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.
Департаменттің мамандары мүгедектігі бар адамдарды оңалту, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша келген 11 адамның қызықтыратын сұрақтарына толық жауаптар берді, мүгедектік мәселелері бойынша, оңалтудың техникалық құралдарына, санаторий-курорттық емдеуге арналған жеке бағдарламаны әзірлеу мәселелері бойынша нормативтік құжаттарға түсініктемелер берді.