Департамент басшысы «Amanat» партиясы қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді

Департамент басшысы «Amanat» партиясы қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді

2025 жылғы 12 наурызда «Amanat» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаев Кәрібайұлы азаматтарды жеке қабылдады.

Кездесуге келген азаматтардың басым бөлігі зейнетақы мәселелеріне қатысты арыз-шағымдарын айтты. Департамент басшысы мәселелердің бірқатарына жедел көмек көрсетіп, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауда мүгедектікке шығу және мүгедектік топтан топқа ауысу кезінде туындайтын мәселелер көтерілді. Руслан Кәрібайұлы, азаматтардың жағдайымен мұқият танысып, қажетті құжаттарды жинау бойынша тиісті денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына хабарласып, көмек көрсетті.