2024 жылғы 26 қыркүйекте Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығы » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 Қазан - Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара өткізілді.Атаулы іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаев, басшы орынбасары Ержан Е.Е және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімің басшысы Смайлова Ф. қатысты.Мерекелік іс-шара «Гүлдер вальсімен” басталды.Сонымен қатар, салт- дәстүрімізге байланысты викториналық сұрақтар және қызықты ойындармен жалғасып, апа-аталардың жаппай биімен аяқталды.Бұл мерекелік іс-шараға орталық директоры Алданазарова Мауия Сахибековна, және ардагерлер ұйымы төрағасы Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы және тағы да басқа қонақтар қатысты.