4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Құрметті қазақ елі! Баршанызды бүгінгі келіп жеткен мейрам 4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл қазақ елінің сан-ғасырлық тарихи құндылығы мен тәуелсіздігінің символына айналып отырған аталмыш мерекеге 32 жыл толып отыр.Мемлекеттік рәміздер қазақ халқының патриотизмі, егемендігі мен ұлттық рухының, ғасырлар бойы келе жатқан тарихы мен салт-дәстүрдің нышаны есептеледі. Қазақстан Республикасының рәміздері қазақ елінің кешегі күнгі тарихы мен ертенгі күнге сенімі бейнелейтін символикасы болып табылады.Осы орайда, баршаңызға зор денсаулық,отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс және мол бақыт тілеймін! Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Көк Туымыз көгімізде желбіреп, Елтаңбамыз тек қана биіктерден көрініп, Әнұранымыз мәңгілік қазақ халқының рухын көтеріп шырқала берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ізгі ниетпен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы
Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы