TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ашық есік күні өтті

TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ашық есік күні өтті
2024 жылғы 15 мамырда «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ашық есік күні өтті.Бұл іс-шараға арнайы шақыртумен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің МӘС бөлімі бойынша басшы орынбасарының м.а Рахман Өміралиұлы Шегірбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің “Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының” директоры Салтанат Қайратқызы Ибраева, Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының психолог маманы Роза Сырлыбекқызы Отыншиева және дәрігер-реабитолог Жандос Тұрлыбекұлы Пердеев қатысты.Атаулы іс-шара "ITeachMe" қоғамдық қорының компетенцияларды дамыту орталығы, PwC Қазақстан және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің үшжақты ынтымақтастығының арқасында өткізілді.Бүгінгі ашық есік күнінде пассивті және белсенді қалпына келулері үшін аяқтарға арналған педаль және көп функциялы машиналар, айналмалы дискілер, жастықтар мен қозғалуға арналған жеңдермен таныстырылды.Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше балалары бар ата-аналармен бірге өзекті мәселелер бойынша сұрақтар талқыланып, заң бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.