«№ 6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысу туралы

«№ 6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысу туралы

2023 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Тұңғышбаев Руслан Карибайұлы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Утебаева Жанат Өмірсейітқызы мен "№ 6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ басшысы Камилла Мусировна Ауанасованың қатысуымен Шымкент қаласындағы Б.Алпысбаева көшесі № 125 Б ғимаратта орналасқан Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№ 6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жай-күйімен танысты.

Танысу барысында аталған мекемеде «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі            № 224-VII ҚРЗ Кодексінің, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы        28 мамырдағы № 197 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрықтары талаптарының орындалу барысын бақылады.

Аталған орталықта 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар І-ІІ топ мүгедектеріне стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Атап айтсақ, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық және педагогикалық 8 әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Қазіргі таңда 140 мүгедектігі бар азамат стационарлық режимде ем алуда. Орталықта 145 бейнебақылау орнатылған. Жалпы аумағы 2,4 гектарды құрайды. Бүгінде арнаулы әлеуметтік орталықты күрделі жөндеуден өткізу мәселесі туындап отыр.

Орталықтың жағдайымен танысқан Департамент басшысы жауаптыларға мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және көрсетілетін әлеуметтік қызметтер сапасына бойынша нақты тапсырмалар берілді.