«TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығымен бірге өткізілген іс-шара

«TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығымен бірге өткізілген іс-шара

Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы үшін жүйелі шаралар қабылдауда. Осындай іс-шара 2023 жылғы 17 қазанда департаменттің «Мүгедектігі бар тұлғаларға қызмет көрсету орталығында» (Орталық) Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының өкілдері, жұмыспен қамту және аналитика бөлімінің басшысы Гүлзад Дарибаева мен Лаура Амангелдімен бірлесіп өткізілді.

Аталған іс-шараға Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасары Т.Дауытов, мұрағат меңгерушісі Ш.Байбулова, тіркеуші Б.Адырбаева қатысты.

Іс-шара барысында департаменттің Орталығына куәландыруға келген мүгедектігі бар қала тұрғындарына департаменттің «Мүгедектерге қызмет көрсету орталығы» мен «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының  халыққа көрсететін ақпараттық-кеңестік, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, қарастырылған жеңілдіктер жөніндегі негізгі қызметтері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Соңында іс-шара қатысушыларына брошюралар таратылып, бейнеролик жасалынды.