Ақпараттық баннерлер туралы

Ақпараттық баннерлер туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру және құқық бұзушылықтардың алдын алып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тұрғындардың қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Осыған байланысты, эскиздер азаматтар үшін жалпыға қолжетімді орындарда, яғни, өңірдегі барлық деңгейдегі қызмет көрсетушілердің ғимараттарының көрнекі жерлеріне және ресми әлеуметтік желілеріне Департаменттің сенім телефоны көрсетілетін ақпараттық баннерді орналастырылды.