"Азаматтарға арналған үкімет "корпорациясы" КЕ АҚ Фронт және Бек-офистерінің мамандарымен оқыту өткізілді

"Азаматтарға арналған үкімет "корпорациясы" КЕ АҚ Фронт және Бек-офистерінің мамандарымен оқыту өткізілді

2022 жылғы 19 сәуірде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай - ақ зейнеткерлік жас алдындағы азаматтардың зейнетақы төлемдерін тағайындау(жұмыс өтілін растау) құқықтарын іске асыру мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет "корпорациясы" КЕ АҚ Фронт және Бек-офистерінің мамандарын оқыту бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Л.Ефремованың және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі Г. Қонбаевтың қатысуымен семинар өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында жұмыс өтілін растау тәртібі, соның ішінде сот тәртібімен растау талқыланды. Қайта ресімдеу себептерін талдау, Мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің мерзімдерін сақтау, заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу және басқа да мәселелер қаралды.