ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қызметті проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті.
«Кем дегенде бір баланы өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелеу – әрбір ата-ананың алдында тұрған күрделі міндет. Көпбалалы аналардың еңбегін атап өту және лайықты бағалау үшін мемлекет оларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтайды және алқа иелері тиісті мемлекеттік жәрдемақы алады. Көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында Еңбекмині 2019 жылдан бастап осы жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алуға мүмкіндік береді. Бұл әйелдерді кезекте тұру қажеттігінен құтқарды, олар мемлекеттік қызметтерді кез келген ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.
Жеңілдетілген тәртіп мемлекеттік жәрдемақыны проактивті форматта тағайындауды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Осы өзгерістердің арқасында 2021 жылы Республика көлемінде проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны екі еседен астам – 9 мың адамға дейін өсті.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы 1-2-3 балаға - 116 394 теңге, 4- және одан кейінгі балаларға- 192969 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалады.
Бала күтіміне байланысты 1 жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақы келесідей көлемде Республикалық бюджеттен төленеді:
1-ші балаға- 17643 теңге
2-ші балаға – 20859 теңге
3-ші балаға – 24044 теңге
4-ші балаға – 27261 теңге
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемдері АЕК байланысты арттырылды.
4 балаға – 49100 теңге
5 балаға- 61382 теңге
6 балаға -73665 теңге
7 балаға – 85948 теңге
8 балаға - 98 200 теңге.
«Алтын алқа» ( жеті баладан жоғары) сонымен бірге «Күміс алқа» (алты және одан көп бала) иегерлері көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 19603 теңгеге көбейеді.