Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мүгедектік жәрдемақысы келесі топтарға тағайындалатын:
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 1,40 ең төменгі күнкөріс деңгейі-48023 теңге;
Бала кезінен мүгедектер: 1 топ – 1,92 ең төменгі күнкөріс деңгейі - 65860 теңге;
Бала кезінен мүгедектер: 2 топ – 1,59 ең төменгі күнкөріс деңгейі-54541 теңге;
Бала кезінен мүгедектер: 3 топ – 1,20 ең төменгі күнкөріс деңгейі-41163 теңге;
2021 жылдың 23 қазаннан бастап аталған заңнамаға мүгедектікті анықтау бойынша, мүгедек балаларға және бала кезінен мүгедектерге берілетін жәрдемақының мөлшеріне өзгерістер енгізілді.
Мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар мынадай көлемде тағайындалады:
жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі – 48023 теңге;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі – 65860 теңге;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі – 54141 теңге;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі – 48023 теңге;
бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі – 65860 теңге;
бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі – 54141 теңге;
бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі – 41163 теңге;
бірінші топтағы мүгедектерге – 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі – 65860 теңге;
екінші топтағы мүгедектерге – 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі – 52483 теңге;
үшінші топтағы мүгедектерге – 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі – 35675 теңге мөлшерінде тағайындалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірінші топ мүгедегіне күтім жасайтын және оларды ертіп жүретін тұлғаға мүгедектіктің себебіне қарамастан, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде - 48023 теңге көлемінде жаңа жәрдемақы енгізілді. Бұл кезге дейін тек 1-ші топ бала кезінен мүгедектігі бойынша қараушысына тағайындалатын.