2021  жылғы 23 маусымда департамент басшысы Б.Өнербаевтың төрағалығымен және Әдеп уәкілі Н.Жанизаковтың қатысуымен департамент қызметкерлерінің жалпы жиналысы өткізілді

2021  жылғы 23 маусымда департамент басшысы Б.Өнербаевтың төрағалығымен және Әдеп уәкілі Н.Жанизаковтың қатысуымен департамент қызметкерлерінің жалпы жиналысы өткізілді

   Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

    Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 01 сәуірде (ZOOM) арқылы бейне-конференция байланыс режімінде өткізілген мәжілістің хаттамалық шешімі туралы.
    Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С.Шапкеновпен 2021 жылғы 02 мамырда бекітілген «Аумақтық департаменттеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жол қартасы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» туралы.
    Департаменттің мемлекеттік қызметшілерін «23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні» және медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандарын «Медицина қызметкерлерінің күні» мерекесімен құттықтау туралы.

 Б.Унербаев күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С.Шапкеновтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Құрманғалиеваның, Әдеп жөніндегі уәкіл Ө.Алшынбаеваның және аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуымен 2021 жылғы 01 сәуірде (ZOOM) арқылы бейне-конференция байланыс режімінде өткізілген мәжілістің хаттамалық шешімінде алдағы уақытта департамент қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтарға жол бермеу, олардың алдын алу мақсатында іс-шаралар қабылдап, оларды күшейту, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы  № 273-VІ Заңымен 2020 жылғы 03 шілдедегі № 357-VI толықтырулар мен өзгерістер енгізілген заңнамалар талаптарын бұлжытпай орындау, мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай өткізуге көшуді тездету, қызметкерлердің соттылығы немесе әкімшілік құқық бұзушылықтары мәніне тексеру жүргізу жне т.б. бойынша қойылған мәселелерді баяндап өтті.

  Н.Жанизаков күн тәртібінде екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметік қорғау және көші-қон комитетінің 14.06.2021 ж.      № 21-1-21/971-И хатымен жолданған «Аумақтық департаменттеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жол қартасы» және  «Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша  түсіндірме жұмыстарын өткізді.

  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен «Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша жолданған Әдістемелік ұсынымдарымен қайта таныстырып өтті.

  Сонымен қатар, Департамент қызметшілерін өз қызметтерін атқару барысында, департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын қатаң сақтауға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайларын қалыптастыру және құрылымдық күштерді біріктіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы            іс-қимыл жасауға, 2021 жылға арналған департаменттің жұмыс жоспарын, медиа-жоспарын, Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бекітілген жоспарлардың орындаулын бақылауды жалғастыруға, құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.

  Унербаев Б. күн тәртібінде үшінші мәселе бойынша  департаменттің мемлекеттік қызметшілерін «23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні» және медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандарын «Медицина қызметкерлерінің күні» мерекесімен құттықтады.

 Департаменттің персоналды басқару жөніндегі бас маманы Ш.Е.Байбуловаға ұзақ жылғы адал еңбегі мен мемллекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ «23 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күін» мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А.Жаилғанованың атынан берілген «Құрмет грамотасын» табыс етті.