Департаменттің  2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 15 маусымда департамент басшысы Б.Унербаевтың төрағалығымен департамент басшысының орынбасарлары мен бөлім басшыларымен қоса кезекті апталық планеркасы өтті.

Департаменттің  2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 15 маусымда департамент басшысы Б.Унербаевтың төрағалығымен департамент басшысының орынбасарлары мен бөлім басшыларымен қоса кезекті апталық планеркасы өтті.

     Планеркада 15 мәселе қаралды, оны ішінде негізгілері болып мына мәселелер талқыланды: 1) халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайларын қалыптастыру және құрылымдық күштерді біріктіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау; 2) 2021 жылға арналған департаменттің жұмыс жоспарын, медиа-жоспарын, Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бекітілген жоспарлардың орындаулын бақылауды жалғастыру; 3) «Документолог» бағдарламасында толық жұмыс жасауды қамтамасыз ету және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы        № 221 Заң талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен  арыз, шағымдардың заңда көрсетілген мерзімінде жауап беруін қадағалау; 4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы А.Құрманғалиеваның 26.04.2021 ж. № Д-111 тапсырмасына сәйкес        «Е-Өтініш»/«Е-обращение» ақпараттық жүйесіне байланысты барлық проблемаларды анықтап жою және 100 % -ға жүйеде жұмыс жасауды жеткізу;         5) Департаментте коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, оның алдын алу шараларын қабылдау,  департаменттің барлық қызметшілердің  қауіпсіздігі  үшін санитарлық-гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз ету; 6) Коронавирусқа қарсы департаменттің барлық қызметкерлерін толық вакцинациядан өткізу; 7) Департаменттің ресми интернет-ресурстарында (МОИРБП/ЕПИРГО және МОИП/ИПГО), арнайы сайтында https://www.facebook.com/Shymkentdep, Фейсбук әлеуметтік желісінде белсенділік танытып, жазушылар мен оқырмандар санын көбейтіп, олармен кері байланыс орнату арқылы атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпаратты  кеңінен тарату; 8) Департаменттің кіреберісінде орналастырылған «Жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі электронды қол жеткізу басқаруды бақылау жүйесін» (СКУД) ресми түрде іске қосуды қамтамасыз ету; 9) «Adaldyq alańy» жобасын шеңберіңде жасалынған департамент жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалысы бойынша департаментінің, «Шымкент – «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі, блогерлер және басқа да үкіметтік емес қоғамдық ұйым өкілдерімен семинар-кеңес, дөңгелек үстел өткізу; 10) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметік қорғау және көші-қон комитетінің 14.06.2021 ж. № 21-1-21/971-И хатымен жолданған «Аумақтық департаменттеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жол қартасының» талаптарын орындау.