«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кеңселерінің фронт және бек (офистары) мамандарына арналған оқыту семинары

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кеңселерінің фронт және бек (офистары) мамандарына арналған оқыту семинары

   2021 жылдың 1 маусымында Шымкент қалалық КЕ АҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кеңселерінің фронт және бек (офистары) мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты - зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.

  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің №1 және 2 зейнетақылар мене әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің басшылары Ефремова Людмила Викторовна мен Илеспаев Анвар Амангельдиевич әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілердегі соңғы өзгерістер мен толықтыруларды және жеке кәсіпкерлердің табысын есептеу тәртібімен танысып нақтыланды. Бек кеңсесінің мамандары қабылдаған зейнетақы мен жәрдемақыларды қайтару себептеріне талдау жүргізілді. Қайтарылған істерді заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде қарау ұсынылады. Бек кеңселері бөлімдерінің басшылары зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау бойынша жобаларды дайындауда бақылауды қамтамасыз ету нақтыланды.