Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 130 млрд теңгеден астам қаражат төленді

Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 130 млрд теңгеден астам қаражат төленді

  Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
  2021 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 102,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына 27,4 млрд теңге бағытталды.
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 525,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 169,6 мың адамды құрады.
 Айта кетейік, 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 150 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 653 теңгені құрады.