Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимінде ала алады

Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимінде ала алады

   Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының (бұдан әрі – ХЖҚО) қызметтерін қашықтықтан ала алады.
ЭЕБ-тегі «Жеке кабинетте» қазақстандықтар жұмыс іздеуші адам немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады және тіркеудің барлық кезеңдерін қадағалай алады. Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтар (әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар) онлайн режимде ЭЕБ-да жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге өтінім жібере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын – жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды өз бетінше таңдай алады. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді онлайн режимде алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ЭЕБ-да тіркеуден өту қажет.
   Жыл басынан бері қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігін 34 мыңнан астам адам пайдаланды. 30 мың азамат жұмыссыз мәртебесін алды.
  Жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталығына барғысы келетін азаматтарға үйден шығудың қажеті жоқ. Мұның бәрін бірнеше минут ішінде Enbek.kz порталында жасауға болады, ол үшін тек интернеті бар компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңба болуы керек. Қызмет толықтай автоматтандырылған.
Интернет немесе компьютер болмаған жағдайда, барлық жұмыспен қамту орталықтарында құрылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында ЭЕБ арқылы қызметтерді алуға болады. ХЖҚО қызметкерлері онлайн ұсынылатын қызметтер бойынша қажетті кеңестер береді.
  Онлайн қызмет көрсету туралы толық ақпаратты www.enbek.kz сайтында және халықты жұмыспен қамту орталығында алуға болады.
 Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде Электрондық еңбек биржасында онлайн тіркелуді азаматтар https://www.enbek.kz/docs/ru/how-to-get-state-employment-support сілтемесі бойынша ала алады