Тазалық – денсаулық кепілі

Тазалық – денсаулық кепілі

  2021 жылғы 13 сәуірде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде (әрі қарай - Департамент) «Тазалық – денсаулық кепілі» ұраны бойынша Департамент қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді. «Мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың жүрер жолы» атты бүгінгі сенбіліктің негізгі мақсаты - Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін алушы азаматтарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығына қауіп төндірмеу, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың Департаментке дейін жүретін жолын» бағдарлау болып табылады. Өз кезегінде, Департамент басшысы Б.А.Унербаев қызметкерлер алдында сөз сөйлеп, тазалық акциясының мән – маңызына тоқталып өтті.
  Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ–нің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Т.Серманизовтың 31.03.2021ж. № 69 қаулысы негізінде Департаментте COVID-19 коронавирустық инфекцияның тіркелуіне байланысты және тұрғындар арасында инфекцияның кеңінен таралуына жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларын қабылдау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 31 наурызынан бастап 13 сәуірін қоса алғандағы уақыт аралығында қашықтықтан жұмыс жасаған болатын.
   Осы орайда, Департамент ауласында, іргелес аулаларда тазалық, қоқыстан тазарту, ағаш түбін қопсыту, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аумақты толықтай залалсыздандыру мақсатында Департамент ғимаратында дезинфекциялық тазалау жұмыстары да жүргізілді.
Сондай-ақ, Департамент аумағынан Қазыбек би көшесі аумағына дейінгі жол бойындағы арық жүйелері, тротуарлар тазартылып, халықтың жүріп-тұруы шектеулі азаматтары үшін, оның ішінде, мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың Департаментке дейінгі жол бойының олардың еркін қозғалуына және мүгедектер арбасымен қозғалуға бейімделмегені анықталды.