2021 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет алды

2021 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет алды

   Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) - мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
   Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше алып кету арқылы алуға болады.
   2021 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6,5 мыңы – ымдау тілі қызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекші қызметін, 12 мыңы – саноторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, портал арқылы 26,4 мың табысы аз отбасы әлеуметтік топтама алуды ресімдеді.
  Бұдан басқа, жыл басынан бері МАБ арқылы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 5,3 мың құжат проактивті түрде ресімделді.
   Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдар жеке іріктеуді талап етпейтін ОТҚ-ның 74 (2020 жылы портал арқылы ОТҚ-ның 24 түрін сатып алу мүмкіндігі берілді) түрін сатып алу мүмкіндігіне ие. Мысалы, киюге арналған түрлі құрылғылар, жаялықтар, тазартқыштар.
   Қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталына 59 208 мүгедектігі бар адам және «қамқоршы» мәртебесі бар 61 594 адам кірді.
Call-орталықтан 1411 нөмірі арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.