Брифинг

Брифинг

   06 сәуір 2021 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Е.Е.Ергеш және басшының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасары м.а. С.Ж.Шонанов кезекті баспасөз брифингін өткізді. Брифинг барысында Департаментпен 2020 жылғы атқарылған жұмыс қорытындысы және 2021 жылдың І тоқсанында жүзеге асырылған мемлекеттік қызметтер түрі бойынша толық түсіндірмелер берілді.
   Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленіп жатқан арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрі, сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдау және оларға берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету, зейнетақы төлемі мен өзге де әлеуметтiк жәрдемақылардың арттырылу тәртібі, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет түрлері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аталған қызметтерді электронды форматта алу қалай жүзеге асатыны жөнінде нақты кеңестер берілді.
  Сонымен қатар, ҚР аумағында коронавирусқа қатысты карантин жағдайының енгізілуіне байланысты инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қағаз түрінде көрсетілетін қызметтерге өтініштерді онлайн режимінде беру мүмкіндігі түсіндірілді.
   Атап айтқанда, карантин шараларының қолданылу кезеңінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай, мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау жүзеге асатыны және бұл қызмет «Электрондық үкімет» порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асатыны жеткізілді.