Атаулы әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтік көмек

   Атаулы әлеуметтік көмек – бұл жәрдемақы емес, табысы аз отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға және дағдарысты еңсеру үшін олардың ресурстарын ынталандыруға бағытталған қиын жағдайға тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау болып табылады. Оған балалардың саны, бір бала немесе төрт бала болуы маңызды емес. АӘК көрсетудің негізгі критерийі – жан басына шаққандағы табыстың өңірлік күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болуы қажет. АӘК тағайындау өтініш берілген айдан басталады.
   Сонымен қатар, өзіңізбен болу қажет құжаттар тізімі келесідей: жеке куәлік және өтініш берушінің банктен жеке есепшот нөмірі, сондай-ақ, отбасында 23 жастан аспаған студент бала болса, оқу орнынан анықтама, некені бұзу туралы куәлік болған жағдайда, әке болып тану туралы (егер әкесі отбасымен бірге тұрмаса) куәлік болса, алимент туралы анықтама қажет.
   Атаулы әлеуметтік көмек бойынша қандай да сауалдарыңыз болса, төменді көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыз:
• Абай ауданы бойынша - 8775 400 15 76 (Whats app)
• Еңбекші ауданы бойынша- 87002911359, 87085666244, 87058980909, 87021996737, 87071871524, 8771 625 89 95, 87087237108, 87758070000, 87025883953
• Әл-Фараби ауданы бойынша - 8777 991 52 38 (Whats app)
• Қаратау ауданы бойынша - 8775 858 71 88 (Whats app)
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері аралығында, сағ 09.00-18.30 (түскі үзіліс сағ 13.00-14.30)