ШЫМКЕНТТЕ БІР ЖЫЛДА 68 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БІР ЖЫЛДА 68 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

   Бүгінде қалада жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған шаралар кешені қолға алынған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мен мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында құрылып отырған жаңа жұмыс орындары жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай азайтып отыр.
   Cонымен 2020 жыл қорытындысы бойынша Шымкент қаласында жалпы 68 584 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен өткен жылы 34 847 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 8 753, мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 24 984 адам жұмыспен қамтылған.
   Өз кезегінде, 2021 жылға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 21 842 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 392 адам және мемлекеттік салалық бағдарламалар негізінде 11 151 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Үстіміздегі жылдың соңына дейін қалада жұмыспен қамту шараларына 33 385 азаматты қатыстыру жоспарланған.