Әлеуметтік қызметтер порталы

Әлеуметтік қызметтер порталы

   2020 жылы 36,4 мыңнан астам қазақстандық Әлеуметтік қызметтер порталын пайдаланды
Әлеуметтік қызметтер порталы (әрі қарай - Портал) - әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
   Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді, бұл:
• арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
• техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;
• ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;
• жеке көмекшінің қызметін көрсету;
• санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.
  Әлеуметтік қызметтер порталы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді.
  Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады.
  Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.
  Порталды енгізу ұсынылатын оңалтудың техникалық құралдары (әрі қарай - ОТҚ) мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, ОТҚ мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.
2020 жылы портал арқылы ОТҚ-ның 24 түрін сатып алу мүмкіндігі берілді. Оны 16,3 мыңнан астам адам пайдаланды, оларға 28,8 мың оңалтудың техникалық құралдары берілді. Қазіргі уақытта тізбе ОТҚ-ның 67 түрін қамтиды, ол одан әрі кеңейтілетін болады.
  Қорытындылап өтсек, 2020 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) арқылы 16,8 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі – ОТҚ) және қызметтеріне тапсырыс берді, 19,6 мың адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамалар алуды ресімдеді.
  Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану сұрақтарына тиісті Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1411 нөміріне хабарласыңыз.