«ADALDYQ ALAŃY» жобасы аясында семинар өткізілді

«ADALDYQ ALAŃY» жобасы аясында семинар өткізілді

   Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені белгілі. Осы дертпен күрестің тиімді тетігі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық, ашықтық қағидаттарын енгізу болып табылады.
   Осы орайда, 30 желтоқсан 2020 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) ғимаратының акт залында Департамент басшысының және ұжымның, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті» басшысының бірінші орынбасары Т.Ә.Серікбаевтың, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.А.Мәжінбековтың, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.С.Қамбардың қатысуымен «ADALDYQ ALAŃY» жобасы аясында семинар өткізілді.
   Семинар барысында, қатысушыларға қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен іс-әрекеттің ерекше маңызы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен олардың салдары, оның алдын алу мен жолын кесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы сөз қозғалды.
   Сөз соңында, Б.А.Унербаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау Департамент қызметінің басты міндеті екендігін баса айтты.