КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ: 2026 ЖЫЛҒЫ МӨЛШЕРЛЕР ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ: 2026 ЖЫЛҒЫ МӨЛШЕРЛЕР ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 4 325 теңгеге дейін өсуіне байланысты балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер 10%-ға артты.

Көпбалалы отбасы мәртебесін алу үшін отбасында бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған бала болуы қажет. Сондай-ақ 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанында білім алатын студент балалар есепке алынады.

Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады.

2026 жылғы ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

🔹 4 балаға – 69 330 теңге
🔹 5 балаға – 86 673 теңге
🔹 6 балаға – 104 016 теңге
🔹 7 балаға – 121 360 теңге
🔹 8 және одан көп балаға – әр балаға 17 300 теңге

Наградталған аналарға берілетін жәрдемақы:

🏅 «Күміс алқа» иегерлеріне – 27 680 теңге;

🏅 «Алтын алқа», «Батыр ана» атағын алғандарға, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға – 32 005 теңге.

Жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі және бірнеше тәсілмен рәсімдеуге болады:

1️⃣ eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы – қарау мерзімі 4 жұмыс күніне дейін;

2️⃣ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы – 7 жұмыс күніне дейін;

3️⃣ Проактивті қызмет арқылы – бала туғаннан кейін тіркелген телефон нөміріне келетін SMS хабарлама бойынша;

4️⃣ Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпаратты ресми ақпарат көздерінен алуға болады.