
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары» (бұдан әрі -Қағидалар) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген.
Тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.
Мүгедектігі бар адамдарды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес әзірлеген мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі – АОЖБ) әлеуметтік бөлігінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі:
Мүгедектігі бар адамдар сөз шығаратын глюкометр жиынтығына кіретін қандағы қант деңгейін анықтауға арналған тест жолақшалары 300 данада қамтамасыз етіледі.
Глюкометр жиынтығына кіретін тест жолақшаларын пайдаланғаннан кейін қандағы қант деңгейін анықтауға арналған тест жолақшаларын мүгедектігі бар адамдар өз қаражаты есебінен сатып алады.
Көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар:
саны 3 дана жіп тартқыштармен;
саны 25 дана тігін инелерімен;
бір жылдан кем емес мерзімге 1500 парақтан тұратын бедерлі-нүктелі қаріппен жазуға арналған қағазбен жабдықталады.
Брайль қарпіндегі сөйлейтін өзіндік оқулық, брайль бойынша жиналмалы әліппе мүгедектігі бар адамға бір рет, өмір бойы беріледі.
Сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукті Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығару кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютерге немесе сөйлеу Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығару кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютерін сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукке ауыстыру бұрын берілген құралды ауыстыру мерзімі өткен соң жүргізіледі.
Протездік-ортопедиялық құралдарды, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған күннен бастап оларды ауыстыру мерзімдері:
Тифлотаяқ , Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi ауыстыру мерзімі оларды алған күннен 2 жылдан ерте емес;
Оқу машинасы, Сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, Брайль жүйесі бойынша жазу құралы, Дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар мобильді телефон, Дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер, Нашар көретін адамдарға арналған сағат, Сөз шығаратын термометр, Сөз шығаратын тонометр, Тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр, Көру қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдарға арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері, Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығарудың кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютер- ауыстыру мерзімі оларды алған күннен 5 жылдан ерте емес.
№ 2 МӘС бөлімі басшысы
Г.Т.Кожабаева