Азаматтармен ашық диалог жалғасуда

Азаматтармен ашық диалог жалғасуда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде азаматтарды қабылдау өтті.

Қабылдауды Департамент басшысының міндетін атқарушы Ержан Ергеш өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік қорғау саласына қатысты өздерін толғандырған мәселелерін айтып, сауалдарын жолдады. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді. Қабылдау барысында қала тұрғыны Түркебаева Құттықыздың өтініші де қаралып, тиісті мамандарға тапсырма берілді және мәселе оң шешімін тапты.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою – департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі.