Зейнетақы төлемдері неге байланысты анықталады

Зейнетақы төлемдері неге байланысты анықталады

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VІІ Әлеуметтік Кодексінің 207 бабы 1 тармақшасына сәйкес 01 қаңтар 1998 жылға дейін еркектерге 25 жылдық, ал әйелдерге 20 жылдық еңбек өтілі болған жағдайда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы тағайындалады.
Аталған Кодекстің 209 бабының 2 тармағында «Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді» деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) 6 тармағында «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында тізбектелген құжаттарға мыналарды қоса береді:
өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар;
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса архив мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің элетрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар;
сот шешімі» деп көрсетілген.
Егерде, талап етілген еңбек өтілі болмаған жағдайда азаматтарға жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінің үлесі ретінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне барабар түрде есептелінеді.
  Жасына байланысты зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне ғана емес, сонымен қатар зейнетақы тағайындауға ұсынған орташа айлық табысқа да байланысты болады.
Кодекстің 210 бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл ішіндегі орташа айлық табыс негізге алына отырып есептелінеді.
Орташа айлық табыс – 3 жылғы табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ұсынылған табыс республикалық бюджет туралы заңда көрсетілген тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 рет еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, яғни ескерілетін ең жоғары табыс 01.01.2026 жылдан 237 875 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін азаматтардың жинақталған еңбек өтіліне және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне, яғни міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең есепке алынады.

 

Замира Сырбекова
№1 Зейнетақымен әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы.