
Жеке көмекші – өзіне-өзі қызмет көрсету және жүріп-тұру қабілеті шектеулі адамдарға күнделікті тұрмыста қажетті көмекті ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтік қызмет.
Ақпараттық түсіндіру барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Азима Есбергенова жеке көмекшінің кімдерге тағайындалатыны және оны алу тәртібі туралы айтып берді.
Жеке көмекші қызметі мүгедектігі бар азаматтардың күнделікті өмірде қажетті қолдауға қол жеткізуіне және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.
Толық ақпаратты әлеуметтік қорғау саласының мамандарынан алуға болады.