
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл М.Игликованың қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және азаматтармен қарым-қатынаста әдеп қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқару мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар ұсынылды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары әдеп мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайтуға ықпал етеді.