
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ергеш Ержан Ермаханұлы «Оңтүстік» телеарнасына сұхбат беріп, мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін растау жөніндегі декларацияны келісу тәртібіндегі жаңашылдықтар туралы кеңінен түсіндірді.
Сұхбат барысында Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексіне енгізілген нормалар және оларды іске асыру тетіктері сөз болды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігіне қатысты декларацияны келісу функциясын бекіту жоспарланып отырғаны айтылды.
Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуі құрылыс объектісін пайдалануға қабылдаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты Комитет тарапынан объектілерді бағалау және қорытынды қалыптастыру алгоритмі әзірленген.
Қолжетімді орта – бұл қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі мен азаматтардың өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіші. Заманауи ғимараттар мен инфрақұрылым нысандары әрбір азамат үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға да кедергісіз әрі қолайлы болуы тиіс.
Толығырақ ақпаратты «Оңтүстік» телеарнасына берілген сұхбаттан көре аласыздар.
https://youtu.be/bVnAueLpi64?si=vKml-jn42M5mFqB_