
Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезінде жекелеген нозологиялық нысандар тізбесіне туа біткен және жүре пайда болған қалпына келмейтін кемістіктер – аяқ-қолдың болмауы және (немесе) ампутациясы, Даун (ауруы) cиндромы, балалардағы мукополисахаридоз жатады.
Пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның емдеуші дәрігері немесе диспансердің емдеуші дәрігері жарақаттардың және кемістіктердің салдарынан, аурулар әсерінен тыныс-тіршілігінің шектелуіне әкелетін организм функцияларының тұрақты бұзылулары болған кезде медициналық ақпараттық жүйеде деректерді тексеріп, № 031/е нысанын қалыптастырады.
МӘС жүргізу тәртібі:
- Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) актісінің қалыптастырылуы МӘС қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
- МӘС актісінің жобасы сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміндегі бір эксаумақтық сарапшы-МӘС бөлімінің басшысына күту парағынан автоматтандырылған режимде таратылады.
- МӘС қағидаларына сәйкес МӘС жүргізіледі.
- МӘС сарапшысы келіп түскен құжаттарды МӘС актісінің жобасының нөмірі түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және сараптама қорытындысын шығарады.
МӘС актісі жобасы сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда, сараптамалық қорытынды шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Сараптамалық қорытынды МӘС сарапшының ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін "Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі" модуліне түседі.
№ 031/е нысанын толтыру үшін міндетті зерттеп-қараулар мен объективті деректердің тізбесі
1. Туа біткен және жүре пайда болған қалпына келмейтін кемістіктер кезінде (аяқ-қолдың болмауы және (немесе) ампутациясы):
1) міндетті зерттеп-қарау әдістері: стационарлық науқастың тарихынан үзінді; травматолог-ортопед (ересек, бала) және (немесе) хирург дәрігерінің қорытындысы (тұқылдың жағдайын, ампутация деңгейін көрсете отырып, жергілікті статустың толық толтырылуы); зақымдалған аяқ-қолдың рентгенографиясы; ампутация деңгейі көрсетілген рентгенолог қорытындысы; аяқ-қолдың хирургиялық ампутациясы кезінде – "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына 1-қосымшасына сәйкес "Стационарлық пациенттің медициналық картасы" № 001/е нысаны бойынша стационарлық пациенттің медициналық картасына 10-қосымша парағы.
2) қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша): мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
2. Даун (ауруы) cиндромы кезінде:
1) міндетті зерттеп-қарау әдістері: перифериялық қан лимфоциттерін кариотипті зерттеу – диагнозды белгілеген кезде;
генетиктің қорытындысы – диагнозды белгілеген кезде;
невропатолог қорытындысы;
психиатрдың қорытындысы – психикалық функцияларының бұзылу дәрежесін анықтау үшін;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; амбулаторлық пациенттің және (немесе) стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінділер көшірмелері – бар болса.
2) қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша): мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
3. Балалардағы мукополисахаридоз кезінде:
1) міндетті зертеп-қарау әдістері:
молекулалық-генетикалық зерттеу әдісімен ДНК мутациясын анықтау;
амбулаторлық науқастың және (немесе) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінділер көшірмелері – бар болса;
2) қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша):
мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
№4 МӘС бөлімі басшысы
Малика Игілікова