Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды түсіндіру және қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды түсіндіру және қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды түсіндіру және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау мәселелеріне арналған жиналыс өтті.

Іс-шара бейнеконференция байланысы арқылы ұйымдастырылып, оған Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары кеңінен түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің өз лауазымдық міндеттерін адал әрі сапалы орындауының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қоғам алдындағы жауапкершілікті күшейту, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтық, заңдылық және әділдік қағидаттарын қатаң сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы мен мінез-құлық стандарттарына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тетіктері, мүдделер қақтығысына жол бермеу, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру және қызметтік әдеп нормаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі – халық сенімін ақтау екендігі айтылып, әрбір қызметкердің өз қызметінде адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алуы қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысында мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ашықтық пен есептілікті арттыру, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметтің беделін нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.