
Жеке көмекшінің қызметтері бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ұсынылады.
Жеке көмекші-жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды сүйемелдеу және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам.
Мүгедектігі бар адам өтінішін беру үшін, порталда жеке көмекшіні таңдауды жүзеге асырады. Жеке көмекші белсенді өмір салтын жүргізетін (жұмыс, оқу, әлеуметтік нысандарға бару) мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетеді.
Осыған байланысты, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің рөлі — мұндай азаматтарға өздерінің базалық құқықтарын іске асыруға және қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндік беретін үйден тыс жерде жүруді қамтамасыз ету және көмек көрсету болып табылады. Қазіргі уақытта жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерінің көлемі күніне сегіз сағаттан аспайтын есебінен құралады.
Бұл көмек жергілікті атқарушы органдар есебінен ұсынылады және азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарт негізінде іске асырылады.
Сонымен қатар, жеке көмекшінің қызметтерін көрсету еңбек заңнамасымен реттелмейді және еңбек шарты жасалмайды. Жеке көмекші әлеуметтік қызмет көрсетеді және жұмыс берушімен еңбек қатынастарына түспейді, сондықтан:
1) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша еңбек функциясын орындамайды;
2) лауазымды адамдарға бағынатын жұмыс берушінің штаттық құрылымына кірмейді;
3) бұйрықтар шығаратын, еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыратын, оған тәртіптік жаза қолданатын жұмыс берушімен еңбек қатынастары жоқ.
Жеке көмекшінің жауапкершілігі азаматтық-құқықтық сипатта болады және қызмет көрсету шартының талаптарымен айқындалады. Бүгінгі таңда жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну ережелеріне өзгерістер енгізу туралы жоба әзірленді. Ұсынылған өзгерістер азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде ұсынылатын жеке көмекшінің қызметтерін көрсету тәртібін жетілдіруге бағытталған.
Бұйрық жобасында жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін, оның ішінде үлгілік шартты енгізу, сондай-ақ нақты қажеттілік бойынша қызметтер көрсету моделіне көшу жолымен жеке көмекшінің қызметтер көрсету тетігін жетілдіру көзделеді.
Жобада жекелеген өтінімдер бойынша қызметтер көрсету көзделген. Бір өтінім бойынша бір объектіге мүгедектігі бар адамды алып жүрудің бір қызметі, объектіге алып жүруді қоса алғанда және кері қайту кезінде көрсетіледі. Қызмет көрсету уақыты қызмет алушымен (мүгедектігі бар адаммен) бірлесіп айқындалады.
Төлем нақты көрсетілген қызметтер үшін өтінімдер негізінде жүргізіледі және жалақы болып табылмайды. Бір күнде екі қызметтен артық орындалмайды. Бұл ретте жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерінің ең жоғары рұқсат етілген көлемі үшін төлем мөлшері күн сайын өзгеріссіз қалады.
Сондай-ақ, бұрынғысынша, жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен кепілдендірілген сомадан тыс міндетті әлеуметтік аударымдар аударылатын болады. Кепілдік берілген сома шегінде көзделген міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды аудару қолданыстағы қағидаларға сәйкес ай сайын жалғасады.
Сонымен қатар, жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеу еңбекақы төлеу қорына жатпайды. Төлемдерге еңбек заңнамасында көзделген өтемақы және арттыру коэффициенттері қолданылмайды. Жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну азаматтық-құқықтық міндеттемелер шеңберінде жүзеге асырылатындықтан және еңбек қызметі болып табылмайды.
Сондай-ақ, бірыңғай тәжірибені қамтамасыз ету үшін үлгілік шарт көзделген, онда қызмет көрсету алушының қажеттіліктеріне қарай қызмет көрсетудің икемділігін қамтамасыз ете отырып, нақты орындалған көлемге бағдарланады.
Бұйрық жобасын қабылдаумен әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ олардың өмір сүру сапасын арттыру көзделеді.
Болашақта өтінімдерді беру және растау, жеке көмекшінің нақты қызметтерін көрсету, төлем үшін ұсынылатын есепті құжаттаманы қалыптастыруды автоматтандыру рәсімдерін цифрландыру жоспарлануда.
Бұл қызмет көрсетудің ашықтығы мен ыңғайлылығын, практиканың біркелкілігін, құқықтық тәуекелдердің төмендеуін, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Мадина Шапиева
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы