Әлеуметтік әділеттілік және күмәнді құжаттар мәселесі

Әлеуметтік әділеттілік және күмәнді құжаттар мәселесі

Бүгін Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Руслан Тұңғышбаев «Хабар» телеарнасының «Біздің назарда» бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін айқындау және әлеуметтік төлемдерді тағайындау процестерінің ашық әрі негізді жүргізілуі қоғам сенімінің негізгі көрсеткіші екені атап өтілді.

Сонымен қатар, медициналық құжаттардың шынайылығын қамтамасыз ету және жалған рәсімдеу фактілерінің алдын алу мәселесі де көтерілді. Бұл бағыттағы жұмыстар уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында екенін департамент басшысы атап өтті.

Мақсат – әлеуметтік қолдау шараларының әділ, ашық және нақты негіздерге сүйене отырып көрсетілуін қамтамасыз ету.