7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен

Құрметті ер азаматтар!
Ардақты Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, қоғам мен отбасының тірегі болып жүрген барлық ер азаматтарға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі. Отанға адал қызмет ету, елге қамқор болу, отбасы амандығын сақтау – әр азаматтың абыройлы міндеті.

Еліміздің дамуы мен тұрақтылығы жолында еңбек етіп жүрген барша ер азаматтарға зор ризашылығымды білдіремін. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз – мемлекетіміздің берік тірегі.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!
Еліміз тыныш, көк туымыз әрдайым биік болсын!