Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік мәселесіне қатысты консультациялық көмек көрсетілді

Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік мәселесіне қатысты консультациялық көмек көрсетілді

08.04.2026 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшы орынбасары Т.Б.Дауытов, Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ғ.Қ.Нәлжанов, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Ф.Ә. Смайлова және «TEN QOGAM»  Әлеуметтік қорғау орталығының басшысы Е.Қ.Амзеевтің қатысуымен мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша халықпен кездесіп, консультациялық көмек көрсетілді.

Медициналық әдіснамалық сараптама бөлімінің негізгі қызметінің бірі, мүгедектік топ тағайындау мен оңалтудың жеке бағдарламасы туралы Департамент басшысының орынбасары Т.Б.Дауытов баяндады.

Мүгедектікті белгілеу және тиісті құжаттарды рәсімдеу жолдарына жеке тоқталды. Сондай-ақ, санаторлық-курорттық емделуге жолдама алу тәртібі түсіндірілді.

Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру салаларындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға және олардың сақталуын тексеруге бағытталған шаралар кешені, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ететін субъектісі жатады. Департамент тарапынан азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша республикалық бюджет қаражаты  есебінен төленетін зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау туралы консультациялық кеңестер берілді.

Сонымен қатар, «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында орналасқан Қолжетімділіктің интерактивті картасының жергілікті атқарушы органдары тарапынан толтырылуын және 2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық нысандарды бейімдеу бойынша, 2026 жылдың соңына дейін бейімделуге жататын нысандардың кемінде 80%-ын бейімдеу жоспарланғаны туралы ақпарат жеткізілді.

Аталған жұмыс жоспарына сәйкес, сәуір айындағы көрсеткіш деңгейі 66% -ды құрап отыр, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығы айтылды.

Кездесу барысында, қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Департаментпен ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, тексеру жұмыстары жүргізілетіндігі туралы бақылау бөлімінің басшысы Ф.Ә.Смайлова түсіндірді.