
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дауытов Турехан Бекболатұлының төрағалығымен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері қатысуымен жұмыс жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – Комитеттің хаттамалық тапсырмаларын орындау барысын қарау және бақылау жұмыстарын күшейту.
Жиналыс барысында зейнетақы төлемдерін алушылардың іс құжаттарын еңбек кітапшаларындағы жазбалармен салыстырып тексеру жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, электрондық зейнетақы макеті негізінде жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды.
Тексеру барысында еңбек кітапшаларындағы жазбалары бірдей, жұмыс істеген мекемелері мен кезеңдері сәйкес келетін еңбек өтілі бар тұлғалардың құжаттары және де Зейнетақы жарналарының мерзімін жасанды түрде арттыру белгілері бар күмәнді іс-құжаттарды анықтау және тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген тапсырмаларды орындау аясында өзге мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер санының арту себептері қаралды.
Атап айтқанда, ардагерлер санының негізсіз өсу фактілерін анықтау, сондай-ақ арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың заңсыз тағайындалу жағдайларын болдырмау бағытында Комитет тарапынан жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары талқыланды.
Жиналыс барысында баяндалған мәліметтер бойынша зейнетақы төлемдерін тексеру нәтижелері жалпы 92 іс-құжат
45 іс-құжат – зейнетақы алушылар жеке келіп, еңбек кітапшаларының түпнұсқаларын ұсыну арқылы еңбек өтілі расталды.
6 іс-құжат – алушылардың қайтыс болғаны анықталды:
4 алушы бойынша артық төленген қаражат жоқ;
2 алушы бойынша сотқа құжаттар жолдануда.
41 іс-құжат – жалған немесе дұрыс емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталып, төлемдер тоқтатылды, зейнетақы негізсіз тағайындалған.
Жалпы жүргізілген тексеру барысында 53 млн 420 мың теңге мөлшерінде артық төлем анықталды. Оның ішінде:
21 млн 998 мың теңге мемлекеттік бюджетке өндірілді;
31 млн 422 мың теңге қазіргі уақытта өндіріліп жатыр.
Осыған байланысты, қаржылық қаражатты тиісті тәртіппен қайтару және есепке алу шаралары жалғасуда.
Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 2 107 ардагердің құжаттары жолданып, олардың шынайылығы тексерілуде:
323 ардагердің құжаттары тексеріліп, расталды;
500 ардагер бойынша шетелдерге (Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Ауғанстан және т.б.) сұрау хаттар жолданды;
1 284 ардагер бойынша тексеру және нақтылау жұмыстары жалғасуда.
Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.