
Бүгін Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында департамент басшысы Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаев халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге және мемлекеттік қызметтің абыройын арттыруға қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Департамент басшысы марапатталған №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Н.Бердіқұлова, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас мамандары Ж.Алимбаева мен Г.Тұрлыбекова, тіркеуші А.Букеева, статист Б.Адырбаева, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы М.Шапиеваға халық игілігі жолында атқарып отырған еңбектері үшін шынайы алғысын білдіріп, олардың қызметтеріне жаңа жетістіктер тіледі.
Наурыз мерекесі – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осы айтулы күн аясында ұйымдастырылған мұндай игі шаралар ұжым бірлігін нығайтып, қызметкерлердің еңбегін бағалауға зор мүмкіндік береді.