Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл ұлық мейрам – адамгершілік пен мейірімділікті, сабыр мен шүкіршілікті дәріптейтін ерекше күн. Қасиетті айда жасаған барлық игі амалдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын.

Осы айтулы күні әр шаңыраққа амандық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін. Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман, келешегіміз кемел болсын!

Айт мерекесі құтты болсын!