
Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ұлық мейрам – адамгершілік пен мейірімділікті, сабыр мен шүкіршілікті дәріптейтін ерекше күн. Қасиетті айда жасаған барлық игі амалдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын.
Осы айтулы күні әр шаңыраққа амандық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін. Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман, келешегіміз кемел болсын!
Айт мерекесі құтты болсын!