
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің 2026 жылғы 12 наурызда өткен хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» ММ-сі тапсырысы негізінде құрылысы жүргізіліп жатқан 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтың құрылыс барысына 19.03.2026 жылы Департамент басшысы Р.Тұңғышбаев және Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының (әрі қарай – Басқарма) басшысы Ж.Утебаеваның қатысуымен құрылыс нысанына барып, жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысып, құрылыс барысында туындауы мүмкін мәселелерді талқылады.
Басқарманың мәліметіне сәйкес, «Шымкент қаласында 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығын салу (байластыру)» нысаны бойынша 01.06.2023 жылы № 19-0181/23 сараптама қорытындысы алынған.
Нысан құрылысының нормативті мерзімі 26 айды құрайды.
Нысан құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында басталған (құрылысы басталғалы 16 ай).
Жалпы конкурстық құны – 13 842 671,6 мың теңге (мердігер –
13 488 908,4 мың теңге, техникалық қадағалау қызметі – 263 747,4 мың теңге, авторлық қадағалау қызметі – 90 015,9 мың теңге).
Мердігер мекеме – «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС. Нысан құрылысы бойынша 2024 жылға жергілікті бюджет есебінен (ЖБ) 201 001,00 мың теңге бөлініп, толық игерілді.
2025 жылға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен (РБ) 5 375 000,00 мың теңге бөлініп, толық игерілген.
Нысан құрылысына 2026 жылға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен (РБ) 4 625 000,0 мың теңге бөлінген.
Бұған қоса, жергілікті бюджет (ЖБ) есебінен қалған 3 641 670,6 мың теңге бөлінетін болады.
Нысан құрылысының жалпы дайындығы 43,5% құрайды. 2026 жылдың желтоқсан айында нысан құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Нысанның нормативті құрылыс мерзімдері бұзылмағанын атап өтеміз. Нысан құрылысына жалпы 226 жұмысшы жұмылдырылған. Оның ішінде 180 жұмысшы «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-ның тұрақты қызметкерлері, қалған жұмысшылар қосалқы мердігерлердің («Даулет.KZ» ЖШС, «Asia Service Stroy» ЖШС, «Адал Жарық Құрылыс» ЖШС) қызметкерлері болып табылады.