Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Руслан Тұңғышбаев Шымкенттік нәзік жанды аруларын құттықтады

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің  Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Руслан Тұңғышбаев Шымкенттік нәзік жанды аруларын құттықтады

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен барша әйелдер қауымын құттықтайды:
“Құрметті арулар, аяулы аналар мен қыз-келіншектер!


Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі — 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 🌷


Әйел – әлемнің шуағы, отбасының берекесі, тіршіліктің тірегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз, даналықтарыңыз бен нәзіктіктеріңіз қоғамымызға ерекше жылулық сыйлайды.
Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жүректеріңізге қуаныш пен шаттық тілеймін. Әр күніңіз махаббат пен бақытқа толы болсын, көктемдей құлпырып, әрдайым күлімдеп жүре беріңіздер!” - деді департамент басшысы.